Официальный интернет ресурс

акимата Астраханского района

Акмолинской области
 

ПОДЕЛИТСЯ

ПОИСК ПО САЙТУ


«    Ноябрь 2019    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» мәдени-демалыс саябағы ашылды

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» мәдени-демалыс  саябағы ашылды

Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне, Астана қаласының 20 жылдығы мен Целиноград ауданының 90 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» мәдени-демалыс саябағы ашылды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Саябақтың ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі                                Мәлік Мырзалин қатысты. Облыс басшысы бастаған құрметті қонақтарға өңірдің жастары өз өнерлерін көрсеткен. Саябақтың аумағында спортшылар асық ату, бокс пен күрестен өз өнерлерін көрсетсе, әскери патриоттық клубының жастары автоматтарды тез арада бөлшектеп жинап, ептіліктерін көрсетіп жатты. Скейтборд пен роликті игерген жастардың ойынын тамашалап отырған бүлдіршіндердің көзінен бұл тосын өнерге деген талпыныс, ойын құралына деген қызығушылық байқалып тұрды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан бұл балалардың арманын орындау мақсатында облыс әкімі балаларға бір-бір скейтборд сыйлады.

Мерекелік шара 44813 әскери бөлімінің жеке құрамы мемлекетік рәміздер – Ту, Елтаңба мен Әнұранды алып шығып, ҚР Мемлекеттік Туын көтерумен жалғасын тапты.  Ту көтеру құқығы аталмыш бөлімнің әскери мемлекеттік құқықтық дайындығының озаты, капитан Серік Шегебаевқа берілді. Ту көтеру рәсімінен соң, Целиноград ауданының жұртшылығын облыс әкімі М.Мырзалин құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Енді мемлекеттің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны тәрізді басты қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз қажет. Біз үшін мемлекеттік рәміздер ұлттық тұтастықтың кепілі. Ел іргесі берік, заманымыз тыныш болып, еліміз дами берсін. Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған жаңа саябақ Целиноград ауданының тұрғындарына тамаша тарту. Мәңгілік елдің туы биіктен көрінсін», - деді өңір басшысы.

Ары қарай мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кету керек, «Рухани жаңғыру» мәдени-демалыс орталығы заманауи арт-элементтермен жабдықталған. Саябақ 3,5 гектар аумақты алып жатыр. Жан жағына ақ қайың, жасыл шырша, алма ағашы, қарағаштың көшеттері отырғызылып, көгалдандырылған. Биіктігі 18 метрді құрайтын флагшток, швед сахнасы, субұрқақ, тайқазан, қобыз, қазақ үйдің макеттері саябақтың ажарын аша түскен. Аудан халқы мен қонақтары серуендеп, демалатын арнайы орындықтар орнатылып, балаларға ойын алаңы жасақталған.

Страница создана: 06.06.2018 17:57
Страница обновлена: 06.06.2018 17:57
Просмотров: 216

Текст